Қазақстанның бас қаласы Астанада MEGA сауда, ойын-сауық орталығы ашылған. MEGA Astana сауда, ойын-сауық орталығы қаланың жаңа бөлігінде, үлкен жолдың күретамырына орналасқан. Астананың әлеуметтік ірі құрлыс нысандары цирк, неке сарайы, океанариум, сауықтыру орталығы, сәулетті тұрғын үй кешендерімен иықтас орналасуы оның жедел дамуына оң ықпалын тигізуде. Орталық ғимараттағы өрт қауіпсіздігін сақтау, күзет, желдету жүйесі
Алматы мен Шымкент MEGA орталықтарындағыдай қазіргі заманғы инженерлік жаңа технологиямен жарақталған, бұл тұтынушылар мен жалға алушылардың жұмысына қолайлы жағдай туғызады.













